Қазіргі уақытта Кеңгір су қоймасының аумағын абаттандыру аясында аумаққа кезең-кезеңімен көшеттер отырғызылып, оларды күтіп-баптау және суару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Отырғызылған ағаштардың жерсінуі мен өсуі тұрақты бақылауда. Суару арнайы техника көмегімен жүйелі түрде жүргізіледі. Мердігер ұйымның мәліметінше, жерсінбей қалған көшеттер кепілдік аясында қайта отырғызылады.

Жобаның негізгі мақсаты — Кеңгір су қоймасының аумағын көгалдандырып, тұрғындар үшін жайлы әрі көрікті орта қалыптастыру.

Видео-сюжет Instagram парақшамызда:
https://www.instagram.com/p/Dd1Z3ctsblh/