Сабит Қасымбекұлы 1987 жылы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. №27 қазақ орта мектебінің түлегі. Жоғары білімін Семей мемлекеттік медицина университетінің «Емдеу ісі» факультетінде алып, 2013 жылы жалпы хирургия мамандығы бойынша интернатураны тәмамдаған.

Кәсіби қызметін Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасында хирург болып бастаған. 2014 жылы Қарағанды медицина университетіне урология мамандығы бойынша оқуға түскен. 2015 жылдан бері урология бөлімшесінде дәрігер-ординатор қызметін атқарып келеді.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Израильде эндоурология саласында жарты жылдық тағылымдамадан өтіп, кәсіби біліктілігін жетілдірген. 2023 жылдан бері Ұлытау облысының штаттан тыс бас урологы. 2024 жылдан бастап облыстық көпсалалы аурухананың «Сенім» кәсіподағына төрағалық етеді.

Үміткердің 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында Жезқазған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелер қарастырылған.

Бағдарламаның негізгі бағыттары – қалалық инфрақұрылымды жаңғырту, жол сапасын жақсарту, тұрғын үй құрылысын қолдау, сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру, газдандыру, жылу және электр желілерін дамыту.

Сонымен қатар бағдарламада халықты жұмыспен қамту, жастарға кәсіби даму мүмкіндіктерін жасау, білім беру мекемелерін жаңғырту, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау және инклюзивті ортаны қалыптастыру мәселелері қамтылған.

Спорттық және мәдени нысандарды дамыту, Кенгір су қоймасының жағалауын абаттандыру, қаланың туристік әлеуетін арттыру, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәселелерді шешу де сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына кіреді.

Тапсырыс беруші: Атабаев С.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.