Сүлеймен Ақансері Жанболатұлы 1988 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

№5 орта мектепті тәмамдап, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Экономика» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Кейін магистратураны аяқтап, PhD докторантурасында білім алған. Еуропада шетелдік тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2011 жылы Жезқазған университетінде оқытушы болып бастаған. Білім беру және жастар саясаты салаларында түрлі басшылық қызметтер атқарған.

Қазіргі уақытта Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Медиа және сыртқы коммуникациялар орталығының» басшысы.

Жезқазған қалалық мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты болған. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде қызмет атқарып келеді.

2026–2031 жылдарға арналған негізгі басымдықтары – қала инфрақұрылымын жақсарту, тұрғын үй және коммуналдық мәселелерді шешу, білім беру сапасын арттыру, жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау мен экологияға көңіл бөлу.

Отбасылы, төрт баланың әкесі.

Басты ұстанымы – халықпен ашық байланыс, бірлескен шешім және нақты нәтиже.

Тапсырыс беруші: Сүлеймен А.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.