Он жылдан астам уақыттан бері білім саласында еңбек етіп келе жатқан ұстаз «Көзқарас» дебат клубын құрып, оқушылардың сыни ойлауын, тілдік дағдыларын және өзіне деген сенімін дамытуға үлес қосып келеді. Бүгінде клубқа 50-ге жуық оқушы қатысады. Олар түрлі пікірсайыстарға қатысып, подкасттар түсіріп, шетелдік қонақтармен ағылшын тілінде сұхбат жүргізеді.

Дана Абельдинова Сәтбаев педагогтеріне арналған Speaking Club ашуды да қолға алған. Ұстаз үшін басты нәтиже — жүлде емес, оқушының тұлғалық дамуы мен өз күшіне сенуі.


Дана Абельдинованың педагогикалық жолы туралы қысқаметражды фильм «Bilim Group» компаниясының 15 жылдығына және Ұстаздар күніне орай түсірілген «Mugalim» деректі сериясының үш бөлімінің бірі.