Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, күдіктілер марганец кенін заңсыз өндіру үшін арнайы техникаларды пайдаланған. Атап айтқанда, карьер аумағында экскаваторлар, тиегіштер және самосвалдар қолданылған.

Заңсыз өндіріс жүргізу үшін карьер аумағында арнайы өндірістік база жабдықталған. Өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешенінің көмегімен өңделіп, кейіннен дайын өнім ретінде өткізілген.

Тергеу барысында анықталған мәліметтерге сәйкес, сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асқан. Заңсыз өткізілген шикізаттың жалпы құны 950 млн теңгеден астам деп бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана белгіленеді.